jasqazaq.kz

Алматы орталығында болған «атыс» туралы видео тексеріліп жатыр

25 мамыр 2017, 14:26

Полиция Алматы орталығында болды делінген атыстың видеосын тексеріп жатыр.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жастардың түн ішінде төбелес шығарғаны түсірілген видео пайда болған еді. Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында оқиғаның Алматы орталығында болғаны айтылады. Видеодағы кадрлардан бір топ жігіттің сұр түсті Mercedes-Benz маркалы көлікке мініп, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Ал қалған тағы бір топ жігіт айғайлап, кетіп қалғандарды қорқыту мақсатында түрлі сөздер айтады. Сондай-ақ, видеодан жігіттердің бірінің дене жарақатын алғанын байқауға болады. Алматы қалалық ІІД өкілдері қазіргі уақытта видеороликтің қайда және қашан түсірілгені анықталмағанын айтты. «Видео әлеуметтік желілерде таралған соң осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта Жедел басқарма орталығына, Алмалы аудандық ІІБ-не осы дерек жайлы ешқандай хабарламаның келмегені белгілі. Бірақ видеоның авторлары «атыс Алматыда болды» деп жазбаған. Видеоның сипаттамасында «Старая площадь» деп жазылған. Бірақ біз ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта видеодағы адамдарды анықтап жатырмыз. Бұл дерек расталып, оқиғаның расында Алматыда болғаны дәлелденсе, тергеу видеодағы адамдардың әрқайсысына құқықтық баға береді», — деді қалалық ІІД өкілдері.

 

Перестрелка на старой площади между молодежью. #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Тengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда