jasqazaq.kz

Алматы облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталды (видео)

20 қыркүйек 2017, 17:15

Алматы облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталды.

Қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні полицейлер Алакөл ауданының таулы аймағында УАЗ автокөлігімен жүрген екі тұрғынды ұстады. Көліктің ішінде жас тянь-шань қоңыр аюының терісі, қару және жабайы аңдарды аулауға арналған заттар табылған. Алайда күдіктілер аң аулауға рұқсат қағаздар мен қаруға тиесілі құжаттарды көрсете алмады. «Қазір аталған заттардың барлығы тәркіленіп, арнайы сараптамаға жіберілді», деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет. Аталған фактіге орай ҚР ҚК 337 бабы, 4-ші бөлігі және 287 бабы, 3-ші бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, қазіргі таңда облыста «Браконьер» алдын-алу шарасы өтіп жатыр. Оның аясында 83 заңбұзушылық тіркелді. Шара 24-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда