Алматы облысында екі көлік жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты жайлы куәгерлер «ВКонтакте» желісіндегі «Я — очевидец Алматы» парақшасында жариялады.
«Ават мен Саймасай жақта сағат 12.00 мен 13.00-де жантүршігерлік жол апаты болды. BMW көлігінде отырған қыз бен жігіт ауыр жағдайда. Ал джип жүргізушісі жарақаттар алды. Жолда абай болыңыздар», — деп жазған куәгерлер.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл мәліметті растады. Полициядағылардың мәлімеітнше, жол-көлік оқиғасы Алматы — Көкпек — Көктал тасжолында болған. BMW мен Toyota Land Cruiser көліктері соғысқан. Нәтижесінде үш адам зардап шеккен. Зардап шеккендер Есік қалалық ауруханаға жеткізілді.