Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты.
Алматы облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, жол апаты Алматы — Бішкек тас жолының 69-шақырымында болған. «Ақтерек постынан кейін Алматы — Бішкек тас жолының 69-шақырымында екі жүк көлігі соғысты. Жол апаты салдарынан «КамАЗ» бен «Ивеко» соғысып, «Ивеко» көлігінің 1975 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. «Камаз» жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова. Ведомство мәліметінше, жол апаты болған жерде кімнің кінәлі екенін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.