Алматы облысында өз сәбиін еденге лақтырған әйел іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео Талғарда түсірілген делінеді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады. Осы кезде ер адам «Енді менің дәлелім бар» дейді. Ролик Вконтакте желісіндегі «Я очевидец» тобында жарияланды. «Шара қабылданды. Әйелді іздестіріп жатырмыз, егер ол шын мәнінде Талғарда болса, бұл біздің облыс және біз оған қатысты міндетті түрде шара қолданамыз», — деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!