jasqazaq.kz

Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлау себебі айтылды

24 тамыз 2017, 10:52

Алматы облысында апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағының құлауына ұшқыштың тізгінге ие бола алмауы себеп. Болжам бойынша, жүгері алқабын дәрілеп жүрген әуе кемесі бұрылу кезінде жылдамдығын жоғалтып, құлдилаған күйі жерге соғылған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Мұндай мәліметті бүгін Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Көлік апаттарын тергеу департаменті таратты. Әуе апатын жан-жақты зерттеген комиссия, құлаған ұшақтың жанармай багы жарылып, өрт содан тұтанды деген байламға келіп отыр. Салдарынан әуе кемесінің алдыңғы бөлігі түгелдей жанып кеткен. Ал қаза болған ұшқыштың дәл осы ұшақты басқаруға және дәрілеу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болған екен. Естеріңізге салайық, 27-ші шілде күні Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының маңында «Қазавиа» компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. 54 жастағы ұшқыш Хамит Ақбергенов пен шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов қаза тапты. Сондықтан тергеу жұмыстары толық аяқталғанша елімізде ЯК-12 әуе кемесінің ұшуына тыйым салынды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда