jasqazaq.kz

Алматы облысында шешесі төрт баласын тастап кеткен (видео)

16 мамыр 2017, 14:02

Алматы облысында шешесі төрт баласын тастап кеткен. Полицейлер балаларды Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында орналасқан аудандық орталық ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлердің айтуынша, әбден тозған киім киген әрі кірлеп кеткен балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. «Жағдайлары қанағаттанарлық. Олардың үлкені жетіде, бірақ ол мектепке бармайды екен. Тағы екі қыз бар: біреуі үште, екіншісі бір жарым жаста. Ал кенже бала екі айлық. Полицейлердің айтуынша, олардың шешесі ішімдікке құмар, ол балаларына 3 мамырдан бері қарамайды екен. Полицияға балалардың әжесі хабарласқан, кейін құқық қорғау органдары балаларды бізге алып келді», — деді Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының директорының орынбасары Гүлнар Құраметова. Балалар ауруханада бір аптаға жуық уақыт болады, кейін оларды қамқоршылық органдары алып кетеді. Аудандық әкімдіктің өкілдері бұл мәселенің ерекше бақылауда екенін хабарлады. Қазіргі уақытта балалардың үйі тексеріліп жатыр екен. Жиналған барлық материал кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға беріледі, онда осы мәселе шешіледі.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда