jasqazaq.kz

Алматы облысында шенеуніктер заңсыз жер берумен айналысқан

22 мамыр 2017, 14:52

Алматы облысындағы Қаратал ауданының шенеуніктері заңсыз жер берумен айналысқан. Мұндай олқылықты Қаратал ауданының прокурорлары арнайы тексеру кезінде анықтады.

Белгілі болғандай, жергілікті билік өкілдері жерге қатысты көптеген заңсыздықтарға жол беріп келген. «Атап айтқанда жер актісін беруде заң бұрмаланып, Қаратал аудандық әкімшілігінің атынан жалған құжаттар әзірленгені анықталды. Мәселен, азаматша К. Саутқан 500 гектар жайылым жерді 10 жылға сауда конкурсынсыз алған. Жалпы Қаратал ауданының әкімшілігі заңсыз түрде 32 азаматқа жалпы көлемі 12 мың гектарға жуық жерді таратқан», — делінген баспасөз баянында. Аталған қылмыстық іс Алматы облыстық жемқорлыққа қарсы күрес бюросының қарауында жатыр. Қазіргі таңда жалпы көлемі 9,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның кадастрлық құны 86 млн. теңге.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда