Алматы облысында Жаркенттен 10 шақырым жерде ұшақ құлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында «Казавиа» әуе компаниясына тиесілі ЯК12 ұшағы құлады. Жаркенттен 10 шақырым жерде. 2 адам қаза болды. Авиахимиялық жұмыстар жүргiзіліп жатқан. Тергеу басталды», — деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер.