jasqazaq.kz

Алматы облысында өрт қаупінің ең жоғарғы деңгейі белгіленді

04 тамыз 2017, 16:27

Күн күрт ысығалы бері Жетісу жерінде он шақты дала өрті болды. Соның салдарынан үш мың гектардай аумақты қызыл жалын шарпып, мемлекеттке 300 мың теңге көлемінде шығын келді.

Кеше Қапшағай қаласы мен Шеңгелді ауылының ортасындағы дала өртенген. Тілсіз жауды өшіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдардың 4 техникасы мен 16 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Отқа оранған аумақтың көлемі мен одан келген шығын әлі анықталған жоқ. Аймақта өрт қаупінің ең жоғарғы бесінші деңгейі туындағандықтан, «Авиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұшақтары мен тікұшақтары да әуеге көтерілді. Олар Қаратал өзенінің бойымен Балқаш көліне дейінгі аралықты әуеден бақылап қайтты. Мұрат Базарбеков, «Авиаорманқорғау» РМК бақылаушы-ұшқышы: – Біз бүгін Қаратал өзенінің бойын әуеден бір шолып шықтық. Себебі облыс аумағында өрт қаупінің бесінші деңгейі белгіленіп отыр. Біз мұндай жағдайда аспанға жиі көтерілеміз. Төртінші деңгейде күніне екі рет, ал бесінші деңгей туындағанда күніне бес рет ұшуға тура келеді. Абырой болғанда, бүгін ешбір өрт ошағын байқамадық.

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда