jasqazaq.kz

Алматы облысында дипломы жоқ мұғалімдер сабақ беріп жүр

29 қыркүйек 2017, 14:33

 

Алматы облысындағы Байғазы ауылындағы мектепте дипломы жоқ мұғалімдер сабақ беретіні туралы шу көтерілді. Аң-таң болған ата-аналар сабақ процесіне балаларымен бірге келіп қатысып жүр. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Талдықорғаннан 130 шақырым жерде орналасқан мектеп үш жыл бұрын салынған. Бастапқыда азғантай бала үшін мектеп салынды деп қуанған ата-аналар, енді ондағы білім беру ісіне көңілдері толмай, директорды кінәлады.

“Бұл жерде балаларға білім беріліп жатқан жоқ. Білім сапасы бойынша біздің мектеп аудан бойынша соңғы орында тұр. Ауданнан келген комиссия мұнда колледждің анықтамасымен сабақ беріп жүрген мұғалімдерді анықтады. Бәріне директор кінәлі. Ол кадр жетіспей жатыр деп емес, керісінше бәрі керемет деп есеп берген”, – дейді ауыл тұрғыны Мұсабай Мұстафаев.

Комиссия анықтағандай, тарих пен психологиядан сабақ берген мұғалімнің қолында не жоғары білім туралы, не жұмыс тәжірибесі туралы құжат жоқ. Тек аттестат ғана. Оларды жұмыс қуғанымен, сырттай оқып жатқан үш мұғалімді қалдырған.

“Мен жұмыс істеген екі жылда 15 педагог ауысты. Келген жастар жағдай жоқ деп қайта кетіп қалады. Осы жылы бірнеше адамды жұмысқа алуға тура келді. Бірақ, тексерістен кейін оларды және орынбасарымды жұмыстан шығарды. Дегенмен кадр мәселесін шешетін боламыз”, – деді мектеп директоры Нұрдәулет Омаров.

Енді қазір мектепте тарих пен еңбек пәнінен сабақ беретін маман жоқ. Психолог та жетіспейді. Балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар енді сабаққа қатысып, қадағалауға мәжбүр.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті