jasqazaq.kz

Алматы облысында ауылдарды су басты (видео)

26 мамыр 2017, 15:07

Нөсерлеп жауған жаңбырдың салдарынан Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары зардап шегіп жатыр.

Таулы аймақта 25 мамырда жауған жаңбыр Көктал ауылының маңындағы каналдардың суы тасуына себеп болды. Су тасқыны салдарынан 46 аулалы жер мен 11 тұрғын үйді су басқан. ТЖД жасақтары, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су басқан аумақтардан су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта су тасу қауіпі жоқ. «Кеше сағат 17.00-мен 18.30 аралығында таулы аймақта жаңбыр жауып, Әулиеағаш ауылын су басты. Су тасқыны салдарынан жеті аулалы жер мен бір тұрғын үйді су басты. Көшелер мен аулалы жерлерден су сору жұмыстарына Алматы облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамның тоғыз адамы мен бір арнайы техника мен бір мотопомп жұмылдырылған. Сондай-ақ, атқарушы органдардан төрт адамы және екі арнайы техника жұмылдырылды», — деді Иманқұлов. Тұрғылықты жайлар мен ғимараттардың бұзылғаны тіркелмеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда