Алматы облысы: «Әділетті Қазақстан» қағидаты жүзеге асуда

22 мамыр, 12:12

Халық пен атқарушы билік арасына алтын көпір орнап, талап-тілек ескеріліп, тәртіп пен заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында шегелеп айтқан болатын.

Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы жалпы ұлттық референдум өткізудің негізгі мақсаты Әділетті Қазақстан қалыптастырудың алғышарты екенін нық жеткізді. Ата заңымыз, Конституцияға әділеттілік нәрін себу мақсатында реформа жасаудың да көздеген себебі осы – заң салтанат құратын, ақиқаттың бетін өтірік бүркемелемейтін орта қалыптастыру. Елдің демократиялық ұстанымы айқындалып, адалдықтың тұғырын нығайту. Мемлекетті басқарушы биліктің негізі саяси институттарының жұмыс ағысы өзгеріп, демократиялық сарынға ойысуды қолай көрді. Қандай да бір маңызы шешім қабылданарда ел азаматтарының үні ескерусіз қалмайды. Билік қандай саяси маңызды шешім шығарарда халықтың талап-тілегін тыңдайды, көптің талқысына салады.

Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысынан бөлінгені жергілікті халықтың ертеден айтып келе жатқан арман, талап-тілегі еді. Бұрын облыс орталығы Талдықорған қаласы саналғанда қиырдағы аудан тұрғындары үшін тым тиімсіз еді. Әсіресе, облыс орталығынан 600 шақырым қашық орналасқан Райымбек, Кеген аудандарының азаматтары Талдықорғанға құжат апарып келу үшін екі күн уақытын тек жолға сарп ететін. Халық билікке өзінің өтінішін, ұсынысын жеткізді. Соның нәтижесінде елімізде бір емес, үш бірдей жаңа облыс пайда болды. Осының өзі де әділеттіліктің орнауынан еді.

Алматы облысының орталығы Талдықорғанға қараған шақты бекер тілге тиек еткеміз жоқ. Райымбек ауданы Сүмбе ауылының тұрғыны, шаруа қожалық иесі Бауыржан Кәуешұлы: «облыстың бөлінгені шекаралық аймақтағы, қиян шеттегі ағайынның арманы еді», — дейді. «Біздің ауылдан Алматы қаласына дейін 350 шақырым. Талдықорғанға дейін тағы 250 шақырым жолды басып өтесіз. 600 шақырымды жүру оңай емес. Жиын, іс-шараға шұғыл шақырту түскенде жұрт қиналып қалатын. Қазір Алматы облысы бөлек облыс болып, орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Келіп-кету бұрынғыдай қиынға соқпайды. Әділетті Қазақстанды құрудың алғышартының бірі осы халықтың тілегінің орындалуы деп білемін», — дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде тарихи маңызды шешімнің салмағы ауыр екенін айтты. Әділетті Қазақстанды құру халықтың да аманаты екеніне мән берген еді. Әділеттілікті орнату жолында саяси-әлеуметтік өрісті нығайтып, түрлі реформаларды енгізу аздық етеді. «Біріншіден, әрбір азаматтың ішкі әлемі, ой-санасы әділеттілікті жақтап, талап еткенде ғана осындай қоғам орнайды», — дейді Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров. «Әділетті Қазақстанды тек билік құрып береді деп ысырып қоюға әсте болмайды. Әр азаматтың бұлжымас парызы. Алматы облысын бөліп, орталығын Қонаев қаласына көшіру — халықтың ұсынысы. Қазір қалада құрылыс қарқынды. Келешекте халыұ саны өсіп, шаһар ұлғаяды. Мұның барлығы Әділетті Қазақстанды құрудың қадамы», — дейді депутат Н.Орынбасаров.

Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылының тұрғыны, заңгер Ғалым Таубалдытегі «атауы айтып тұрғандай, әділетті қоғам заң әділ жүзеге асқанда орнайды» деген пікірде. «Халықтың пиғылына қарай бәрі. Біздің көшенің тұрғындары ғана емес, ауылдың ынтымағы ерекше. Қандай талап-тілегі болса да заңдық тұрғыда, билік органдарына өтініштерін жеткізеді. Көп шаруа оңынан шешілуде. Жол жөндеу, ауыз су тарту, көшеге жарық шамдарын орнату жоспармен іске асырылып жатыр», — дейді ол.

Қуан Разақ,

Алматы облысы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде