jasqazaq.kz

Алматы мен еліміздің 11 облысында су басу қаупі төніп тұр

02 сәуiр 2018, 10:15

Алматы қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

1-6 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еріген қар суының молаюына байланысты әрі жауын-шашын түсуі мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан мұз еріп, су деңгейі көтеріліп, су басуы ықтимал.
2-6 сәуірде Қызыордағ Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында күн жылынуы мен жауын-шашын түсуіне орай су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.
3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, су деңгейі көтерілуіне байланысты, өзен аңғарларында су басуы болуы ықтимал.
3-4 сәуірде Павлодар облысында күн жылынуы мен қар еруіне байланысты әрі Шүлбі су қоймасынан су ағызу көлемі ұлғаюы салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріліп, маңындағы елді мекендерде су басуы мүмкін.
2-4 сәуірде Қарағанды облысында күн жылынуы салдарынан еріген қар суы молайып, өзендердегі су деңгейі ұлғайып, маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындайды.
2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында күн жылынуынан өзендерде су ағыны ұлғайып, деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы мүмкін.

sputniknews.kz

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр