Алматы маңында 15 жастағы Малика Орақбаева жоғалып кетті.
Анасының айтуынша, 15 сәуірде сағат шамамен 17.00-де қыз «Алтын Орда» базарының маңынан «Фабричныйға» кеткен. Содан үйіне қайта оралмапты. «Қызым әлі жоқ. 9-сыныпта оқиды. Көк джинс шалбар, қызғылт блузка және ақ жолағы бар қоңыр кардиканы болған», — дейді әйел. Анасы Алматы облысы Жамбыл аудандық ІІБ-ге арыз жазды.