jasqazaq.kz

Алматы маңында жас жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

16 маусым 2017, 12:33

Қазақстандық жігіт әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Бекжан Қанкеновтың өлімі туралы Facebook желісінде оның құрбысы Алена Мирошниченко жазды. Бұл туралы қайтыс болған азаматтың құрбысымен телефон арқылы сөйлескен Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Достар, Бека енді арамызда жоқ. Асылып қалыпты және бәрін тікелей эфирге түсіріпті. Парақшасы бұғатталған», — деп жазды Мирошниченко жеке парақшасында.

«Ол менің Фейсбуктегі жақын досым еді, бірақ Фейсбуктен тыс та араласатынбыз. Бірнеше рет мынадай жазбалар жазған: «Жүрегім ауырады, өмірмен қош айтысқым келеді, өліп кетсем бе екен». Қайдағы-жоқты жазып, қалжыңдайтын… Таңертең оның құрбысы жазды. Жақында қоңырау шалып, денесінің әлі ілулі тұрғанын айтты. Полицияны күтіп, түсірмей отыр екен. Үйі Қоянқұс ауылында. Ол жақсы, мейірімді жігіт болатын, жұмсақ ойыншықтармен бірге ұйықтайтын… Бекжан — суретші», — деді сұхбат беруші телефон арқылы. Алена Мирошниченко сөзіне сүйенсек, Бекжан Қанкенов екеуі әлеуметтік желіден тыс та жақсы достар екен. Өмірде де аралас-құралас болған көрінеді. «Біз 2014 жылы Фейсбукте таныстық. Араласып, өмірде де кездестік — әлеуметтік желіде дос болғасын, өмірде де кездесейік деп шештік. Танысып, достарымызбен жиналдық. Кәуап жеуге, сыра ішуге, концертке, клубқа баратынбыз… Оны бәрі жақсы көретін. Парақшаларын үнемі ауыстырып отырушы еді, себебі үнемі бұғаттап тастайтын». Өлімнің мән-жайына келер болсақ, сұхбат беруші ол жағынан бейхабар екен. Бірақ Мирошниченко бұдан бұрын да досының суицид туралы ойларын байқапты. «Өзімен сөйлескенімде: қалжыңдаймын, мәңгілік өмір сүремін дейтін. Өзіне назар аударғысы келетін. Бір қызбен ренжісіп қалса, «жүрегім тоқтап қалды деп айта салыңдар» деген пост жазатын. Соны көріп өзіне жаза бастасаң: «Жоға, аман-есенмін, жай ана бір қыздың назарын аударайын дегенмін» дейді. Өзіне көңіл бөлгенін қалайтын. Мас болмаса, мінезі жайсаң. Бірақ көбіне мас болып жүруші еді», — деді Мирошниченко. Көз жұмған жігіттің FB парақшаларының бірінде өткен түні шыққан хабарлама бар: «Бәріңді жақсы көремін. Бүгін ішімдік ішемін. Ілмек жасады, асылып қалғым келеді». Іле аудандық ІІБ Қоянқұс ауылында тұратын Бекжан Қанкеновтың өз-өзіне қол салғаны туралы мәліметті растады. Жігіттің денесі таңертең 7:29-да табылған.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда