Алматы маңындағы ұшақ апатының алдын ала себептері айтылды.
«Бүгін, 10 тамызда сағат 09.53-те Азаматтық авиацияның тіркеу нөмірі UPLA 231 «Технам 2002″ әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін әуе апатына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде әуе кемесі жоғары көтеріліп, құлап, соның салдарынан ұшақ түгелдей өртеніп кеткен. Апат кезінде ұшақ ішінде — ұшқыш-инструктор мен курсант болды. Екеуі де қаза тапты», — деді ҚР Инвестиция және даму министрлігінің көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов. Оның айтуынша, ұшақ қажетті биіктікке көтерілгеннен кейін құлаған. «Министрлік осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрды. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр», — деді ол.