jasqazaq.kz

Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр

05 шiлде 2017, 11:21

«Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр. Алматыға тиіп тұрған ауылда шыбын-шіркейге таланып, тамақтары тезекпен араласып, қара суды да көршілерден сұрап ішіп отыр.

Баспана зарын әбден тартқан ана әзер деп жүріп, күрке орнатып алған, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Алайда, аптап ыстықта іші қапырық болып, жаңбырда суға толып кетеді. Әкім-қаралар назар аудармай отырған алтын құрсақ ананың бүгінгі жағдайымен тілшіміз Гүлнәзия Мейірханқызы танысып келді.

Батыр ананың үйсіз-күйсіз жүргеніне тура он жыл болған. Сегіз баласымен жалдамалы пәтерге де қабылдамайды екен. Сондықтан, соңғы бір айдан бері дәл осылай күркеде өмір сүріп жатыр.

«Терезесі жоқ, ойнайтын жеріміз жоқ», – дейді баласы Аяулым Жексенбай.
«Терезесі мен ойнайтын жерім жоқ» деген сөзін жергілікті әкім-қараларға айта-айта, бес жасар Аяулым да шаршаған. Бұлдірші тамағына тығылған өксік пен көзіне келген жасын жұтып, арманын әрең жеткізді. Үйдің кенжесі қазір ештеңе түсінбесе де, одан ересектері балалықтан қалған. Ойнайтын ойыншықтарын бұтақтан жасап, жоқшылықтың әбден азабын тартып келеді.

«Маған ойыншық та, киім де керек емес, маған үй керек. Үй болса қалғанын сатып аламын» – дейді баласы Жасұлан Жексенбай.

Наметқұловтар отбасының Тараздан Алматыға қоныс аударғаныдарына он жыл болған. Содан бері әркімнің бір босағасында, бөтеннің қас-қабағына қарап жүр. Отағасы қара жұмыскер. Тапқан табысы шайлықтарынна артылмайды екен. Ал, батыр ананың сегіз бала үшін де, “Алтын алқа” үшін де Үкіметтен алатын қаражаты 14 мың теңге ғана.

«Не пайдасы бар? Ешқандай көмегі жоқ. Осыдан гөрі, кішкене бізге қанша отбасы бар, “Алтын алқа” бергенше, бір алтын ұя берсе жақсы болар еді деп сұраймын өзім» – «Алтын алқа» иегері Толқынай Наметқұлова.

Батыр ана көз жасын көлдетіп, “Алтын алқасын” арқалап талай мекеменің есігін қаққан. Бірақ, бәрі құрғақ сөзбен шектеледі екен. Қазір отбасы Бірлік ауылында далада түнеп жүр. Белбұлақ ауылдық округінің әкімдігі Наметқұловтар отбасын беске таниды. Мешітке тіркеуге қойдық, ай сайын азық-түлікпен көмектесеміз дейді. Бірақ, уақытша тұратын баспананы әлі таба алмапты.

«Келіп арыз жазған күннен бастап, күнделікті көмек көрсетіп тұрамыз. Тікелей бізбен жұмыс жасайды Толқынай. Ешқашан көмегімізді аяған емеспіз. Жақын арада жер мәселесіне де көмектесуге әкімшілік атынан қарастырып жатырмыз» – Белбұлақ ауылдық округі әлеуметтік бөлімінің бас маманы Әлия Хамитова.

Үш ауылы бар округте 18 мың 500 халық тұрады. Ондағы 50 шақты отбасы жағдайы төмендер санатында. Шенділер қол ұшын ең әуелі көпбалалы аналарға созамыз деп сендірді. Ал, әкім-қаралардан көңілім қалды деген көпбалалы ана, жомарт жандардан көмек сұрайды.
«Өз-өзім асылып өле қалғым келеді, шын айтамын. Просто ешқайсысы әлі аяқталмағаннан кейін өз-өзімді зорға ұстаймын. Көмек сұраймын. Жоғарыдағылар кішкене көмектессе», – деп егіледі «Алтын алқа» иегері Толқынай Наметқұлова.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда