jasqazaq.kz

Алматы: қаланы көркейту науқаны аяқталды

10 мамыр 2024, 23:35

Алматыда қаланы көркейту науқаны қорытындыланды. Науқан нәтижесі Алматы әкімдігінің Телеграм-каналында жарияланды.

***«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 400 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға қала тұрғындары, экобелсенділер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер атсалысты.

***«Жақыныңа жәрдем бер» акциясы аясында 992 еріктінің арқасында мұқтаж 349 адамға көмек көрсетілді.


***«Қоршауыңызды/орындықты/беседканы боя» — тұрғындарға үйдің маңын көркейту үшін 4 240 л бояу және 590 л еріткіш берілді.


***«Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті тапсыр – табиғатты сақта» акциясы аясында 2 815 дана жарамсыз дәрі жиналды.
***Тұрғындар «Қоқысты тамаққа айырбаста» акциясы аясында қайта өңдеу үшін 2 300 кило материал жиналды.


***Пластикалық бөтелке мен алюминий банкаларды қабылдау үшін Арбатта алғашқы фандомат орнатылды.

***«Таза қасбеттер» акциясы 1600-ден астам коммерциялық ұйымның қатысуымен қалалық ғимараттарды ретке келтірді.


***«Алматы – бақ қала» акциясы аясында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек отырғызылды, оның жартысынан көбі алма.

 

***«Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» акциясына тұрғындар мен еріктілер тау шатқалдарынан 600 кило қоқыс жинады.

 

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?