Алматы барахолкасында қанды оқиға орын алды. Күзетші мен оның бұрынғы қызметтесінің арасында жанжал шығып, екеуі пышақтасуға дейін барған.
Бұл туралы СТВ арнасы хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қос азамат жұмыс орнында ішімдік ішкен. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан. Күзетші қызметтесіне екі рет пышақ сұғып алған.
Жәбірленуші Солтүстік айналымға қарай қашқан. Кейін есінен танып, көше ортасында құлап қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
Оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Ал күзетші өзінің кінәсін мойындаған. Дәл қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.