jasqazaq.kz

Алматы ауруханаларының бірінде тапа-тал түсте дәрігерді тонап кетті (видео)

23 мамыр 2017, 15:43

Алматыда қалалық ауруханасындағы дәрігерлердің бірі Бекболат Мұсабаев жұмыста болмаған кезінде өзінің жеке кабинетінде заттарының жоғалып кеткенін анықтаған.

Ер адам Facebook желісіндегі парақшасында ұры делінген адамның суреті мен видеосын жариялады. Мұсабаевтың айтуынша, ол заттардың жоғалғанын 18 мамырда күндізгі уақытта байқаған. Ер адамның айтуынша, видеодағы адам бөлімшеге келіп, бірден оның кабинетіне кіріп кеткен. «Ол бастапқыда кабинетте ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, кейіннен барып кіріп, бір минуттан соң шығып кеткен. Содан ол дәлізді бір қарап шықты да, екінші рет қайтып кіреді. Бірақ видеодан ер адамның ұрлық жасаған сәті көрінбейді. Ол кабинетке кірген соң онда ешкімнің қайтып кірмеген және әмиянымның жоғалғаны рас», — дейді дәрігер. Дәрігердің айтуынша, видеодағы ер адам аурухана қызметкері емес. «Біз осы уақыт бойы бөлімшедегі күнделікті жұмыстармен айналысып, келушілерге тіпті назар аудармадық. Ұрлық жасалған кезде мен бөлімшеде науқастарды тексеріп жүрдім. Кабинетімен келгенде әмиянымның, құжаттардың және шамамен 40 мың теңгенің жоғалғанын байқадым. Мен бұл туралы аудандық ІІБ-не хабарладым. Әзірше полицейлерден хабар жоқ», — деді Мұсабаев. Ал қалалық ІІД өкілдері осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Жедел топ құрылды. Видеодағы мәліметтер іс материалдарына тіркелді, зерттеліп жатыр. Қазіргі уақытта барлық шара видеодағы ер адамды анықтауға және қылмысты ашуға бағытталды», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда