jasqazaq.kz

«Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017» байқауы 300-ге жуық талантты жастың басын қосты

23 мамыр 2017, 21:44

Еліміздің мәдени астанасында Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен, Алматы жастарының конгресі мен Алматы студенттер альянсының ұйымдастыруымен, 14-25 жас аралығындағы 300-ге жуық жас өнердің 17 түрінен өзара бақ сынаған көлемді «Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017» байқауы аяқталды. Дельфий ойындары –қатысушылар арасынан талантты тұлғалар мен ерекше дарынды жастарды іріктеп алуға бағытталған, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін біріктіретін кешенді байқау. Олимпиада ойындарымен бірге ежелгі Греция жерінде дүниеге келіп, XX-ғасырда қайта жандана бастаған дельфий ойындары бүгінде әлемнің 100-ге тарта мемлекетінде қолдау тапқан. Қазақстан Ұлттық дельфий ойындарын биыл XIII-рет өткізді. Ойындар жас таланттарды тауып, оларды қолдау, өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны насихаттау, оларға рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдениетаралық диалог пен ұлттық өнердің дамуына ықпал етуді көздейді.

Байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаздар: «скрипка» номинациясы бойынша – Ақынгер Айлин (10-15 жас) мен Бектұрова Малика (16-21 жас), «киім дизайны» номинациясында Пернебаева Гауһар, домбыра жанры бойынша Шәкенбаев Мұхамедәлі (10-15 жас) мен Жүлекен Жандос (16-21 жас), «дәстүрлі халық әні» аталымы бойынша Ерғалина Балауса, «фотосурет» шеберлерінің арасында Жакаева Офелия арнайы мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қимылына көз ілеспес мың бұралған бишілердің арасындағы бәсекеде бас жүлдені «заманауи би» номинациясында «SAAD» би тобы, «халық биі» аталымында әртүрлі жас ерекшеліктеріне орай, «Сармат» (10-15 жас аралығы) пен «Нұрби» (16-21 жас) би топтары қанжығаларына байлады. Енді аталған жеңімпаздардың барлығы қаламыздың намысын — республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады. Ұлттық дельфий ойындарында жеңіс тұғырынан көрінген жастар халықаралық дельфий ойындарында еліміздің атынан өнер көрсетеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда