Алматы: 400-ге жуық балалар мен спорт алаңдары жаңғыртылды

22 қантар, 13:14

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бір жылда 397 балалар мен спорт алаңы абаттандырылды.
Жаңа нысандардың ең көбі — Алмалы ауданында (91). Медеу ауданында — 80, Жетісу ауданында — 56.
Тұрғын саны көбейіп келе жатқан Алатау ауданында 45 жаңа спорт алаңы салынды, көпірге жөндеу жүргізілді және 1135 жарық нүктесі жаңғыртылды. Өткен жылы мұнда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 54 жоба жүзеге асырылды.
Тұрғындардың өтінішімен Зерделі шағын ауданында «Сирень бағы», Аханов көшесіндегі сквер, Сайын көшесіндегі бақылау алаңы абаттандырылып, Қарасу шағын ауданындағы сквердің құрылысы басталды. Аллеялар мен скверлерді абаттандырумен қатар кей жерлерде шамдар ауыстырылып, Үлкен Алматы арнасындағы көпір жөнделді.
Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» — қала тұрғындары әкімдіктермен бірлесіп жергілікті бюджет қаражатын бөлісетін жоба. Тұрғындар өздері абаттандыру идеясын ұсынады. Оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу