jasqazaq.kz

Қалмұханбет Қасымов:Түрмедегі экстремистермен теологтар жұмыс істеп жатыр

25 қыркүйек 2017, 13:06

Қазір Қазақстан түрмелерінде діни көзқарасына байланысты 400 адам отыр. Бұл жөнінде бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Министр мырзаның айтуына қарағанда қамаудағы азаматтардың діни көзқарасын дұрыс бағытқа бұру үшін олармен арнайы теологтар жұмыс істеп жатқан көрінеді. «Иә, қазіргі уақытта бізде экстремизм, терроризм үшін сотталғандар бар. Колонияларда шамамен 400 адам ұсталып отыр. Әрине, оларға біз қамауда ұстаудың айрықша режимін қолданамыз. Бірақ, оларды дұрыс жолға қою үшін қылмыстық атқару жүйесінің штатына теолог мамандығын енгіздік. Жекелеген бірліктерді қысқарттық және біздің барлық колонияларымызда мұндай мамандар бар», – деді министр.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуына қарағанда діни көзқарасына байланысты түрмеге түскен азаматтармен теологтар бұдан былай тұрақты жұмыс істемек. «Жақсы тәжірибе жолға қойылды. Нәтижелері де жаман емес. Меніңше, біз оны одан ары қарай дамытамыз. Әрине, біздер үшін бұл жаңа қызмет. Соған қарамастан одан ары дамыта береміз», – деді Қалмұханбет Қасымов.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда