Жамбыл облысының алимент төлемеген азаматтары енді жаяу жүруге мәжбүр. Бұл — прокурорлардың жауапсыз әкелермен күресуде тапқан жаңа жолы. Енді құзырлы орган өкілдері бұрынғы отбасына алимент төлей алмайтын немесе мүмкіндігі бола тұра төлемейтін әкелердің көлігін алып тартып алады. Аталған бастама өз нәтижесін беріп үлгерді. Шараны жүзеге асыру қаулысы қыбылданғаннан кейін алимент төлемейтін азаматтардан 1 млн теңгеге жуық қаражат өндірілген. Бұл туралы Тараз қаласының баспасөз қызметі хбарлайды.
«Прокуартураға азаматшалардан бұрынғы күйеулерінің түрлі сылтаулар арқылы алимент төлмейтіндігі жөніндегі түсетін шағым үзілмейді. Барлығының сылтаулары біркелкі келеді. Сондай қарызға батқан әкелердің бірін әңгімеге тарттым, оның да жауабы әдеттегідей жаттанды болды: жұмыс жоқ, тұрақты табыс жоқ. Сосын біз де басқа айлаға көштік. Біздің қаулы бойынша тізімге 58 жұмыссыз борышкер тіркелген, оның 12-cі еңбекке жарамды, жетеуі кәсіптік оқуға жолдама алды. Олар мамандық ала алады, сәйкесінше, жұмыс тауып, қарызын өтейді», — деді Тараз қаласының прокуроры Бекзат Сеилханов.
Прокурордың айтуынша, алимент төлеуге әлеуеті жететін, бірақ заңды төлемді артық шығын деп есептейтіндер де бар.
«Мемлекет осындай қатаң қаулыларды қабылдаған кезде, қарыздар шұғыл төлене бастайды. Мысалы, борышкер 2014 жылдан бері алимент төлемеген, оның балалары алдындағы қарызы миллион теңгеден асып жығылған. Осы себеппен 3 тамыз күні алимент төлемеген азаматтың «Мерседес» маркалы автокөлігі заң аясында тәркіленді. Азамат осы шараға жүзеге асқан бойда ақша тауып, қарызын өтеген. Қаулының осындай өтімділігіне сәйкес, күн сайын прокуратураның қызметтік тобы алимент төлемегендердің автокөліктеріне қатысты рейд жүргізеді»,- деп сөзін толықтырды Бекзат Сеилханов.
Бүгін ппрокурорлар айыптұрағына әлеуеті жетсе де алимент төлемейтін әкелерден алынған 19 көлікті қойды. Егер олар осы шарадан кейін де қарыздарын өтемесе, онда тәркіленген көліктер сатылымға қойылады.
«Прокуратура қазір заң аясында қарусыз қалған балалар пайдасына 4,9 млн теңгеден аса қаражат өндірген. Осы бағыттағы жұмыс әрі қарай да өз жалғасын табады»,-деді қала прокуроры.
Сәуірде Астанадағы алимент төлемеген азаматтардың 19 автокөлігі аукционға қойылды. Көлігінен айырылған борышкер әкелер жаяу жүреді де, сатылымнан түскен ақша олардың әйелі мен балаларына беріледі.