Әлихан Смайылов: Тамшылатып суару технологияларын өзімізде шығару қажет

30 қантар, 11:47

Фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсаған шығынының 80 пайызы субсидияланбақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Суды тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте біз су ресурстарының тапшылығы жағдайында біраз жұмыс атқаруымыз керек. Ұсынылып отырған тұжырымдама осы бағыттағы негізгі бағдарламалық құжат болады. Оны іске асыру су ресурстарын мониторингілеу мен болжаудың нақты жүйесін жолға қоюға ықпал етеді. Бұл жүйе су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өте қажет», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының атап өтуінше, тұжырымдаманың маңызды бағыты — су шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды салу және реконструкциялау.

«Көп жылдар бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді. Мысалы, Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі — 30 пайыз. Үлкен Алматы каналы пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған. Нәтижесінде 40 пайыз су ысырап болуда», — деді Әлихан Смайылов.

Ол тұжырымдаманың тағы бір маңызды бағыты су үнемдеуді ынталандыру екендігіне тоқталды.
«Су тапшылығында және суды тұтынудың артуы кезінде, ең алдымен, су шығынын азайту мен оны ұқыпты пайдалану өте маңызды. Біз қазір фермерлерге су беру құнын субсидиялап отырмыз. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейміз. Биыл бұл межені 80 пайызға дейін көтеру жоспарлануда», — деді Үкімет басшысы.
Дегенмен, Премьер-Министрдің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, елімізде су үнемдеу жүйелерін енгізу үлесі төмен деңгейде қалып отыр.

«Мысалы, тамшылатып суару жүйесін қолдану 312 мың гектарда жоспарланған. Ал қазір ол 84 мың гектарда ғана қолданылады. Технологиялар құны қымбат. Оған диқандардың көпшілігінің шамасы жетпейді. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек. Мұндай жобалар қазірдің өзінде талқылануда. Оларды іске асыруымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды