jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Инвестициялар тарту – экономикалық өсудің негізгі факторы

08 желтоқсан 2023, 10:00


Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Әлихан Смайылов инвестициялар тарту – экономикалық өсудің негізгі факторларының және Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Атап айтқанда, елімізде жеке шарттарда келісімдер жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық шарттардың жаңа тетіктері енгізілді.
Бұдан бөлек, Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасқанда салық заңнамасының тұрақтылығына 10 жылға кепілдік беріледі және күрделі жобалар үшін Жетілдірілген модельдік келісімшартты жасасқанда фискалдық ынталандырулар енгізіледі.
«Резидент емес тұлғалардан алынған материалдық емес қызметтер үшін шегерім сомасын шектеуге қатысты инвесторлар жиі көтеретін мәселе шешілді. Енді бұл шектеу тек оффшорлық юрисдикциялардағы компаниялармен жүргізілген операцияларға қатысты болады», — деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттырудың маңызды аспектілерінің бірі болжамды және ашық салық саясаты екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қазақстанда фискалдық реттеуді жетілдіру үшін жаңа Салық кодексі әзірленді.
Қазіргі уақытта ол бизнес-қоғамдастық және халықаралық ұйымдар өкілдерімен әртүрлі алаңдарда қызу талқыланып жатыр.
Жыл басынан бері 250-ден астам жұмыс кездесуі өткізіліп, мыңнан астам ұсыныс түскен.
Барлық мәселе апта сайын тұрақты жұмыс тобының қарауына ұсынылады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?