Әлихан Смайылов: Барлық сала бойынша тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз

01 ақпан, 20:28

Алматыда Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуі өтті. 

Келіссөз Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қарсаңында жүргізілді.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, қазақстандық көмірді РФ аумағы арқылы тасымалдау, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушылардың Ресейге кіруіне қатысты проблемаларды шешу мәселелері жан-жақты талқыланды. Екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында ҚР мен РФ арасындағы қарым-қатынастар өзара сыйластық қағидаттары негізінде ілгері дамып келе жатыр.


«Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бұған өткен жылдың 11 айындағы көлемі $24 млрд болған сауда айналымы дәлел», — деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Бұл бағытта Өңіраралық ынтымақтастық форумы тиімді алаң болып табылады.
«Биылғы жылы түрлі деңгейдегі өзара байланыстар мен бірлескен іс-шаралар көп болатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметі барлық сала бойынша толық форматты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын», — деді Әлихан Смайылов.

Михаил Мишустин дәстүрлі қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, Ресей Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға аса мән беретінін атап өтті.
«Біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, мұнай-химия, көлік инфрақұрылымы, цифрлық экономика және басқа да көптеген салаларда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Біз жаңа өндірістік тізбектер құрылысын жеделдетуді ұсынып отырмыз. Бұған Ресей мен Қазақстанның экономикалық, өндірістік және технологиялық әлеуеттерінің өзара бірін-бірі толықтыруы жақсы негіз болып табылады», — деді РФ Үкіметінің төрағасы.

JQ-Aqparat

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды