jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: 2024 жыл — жаңа бастамаларды іске асыратын жыл

01 қантар 2024, 1:21

Премьер-Министр Әлихан  Смайылов қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды келіп жеткен 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл — бұл өткенді саралап, болашаққа бағдар құрудың мүмкіндігі, өйткені біз бұл мерекемен үкілі үміттеріміз бен асқақ армандарымызды байланыстырамыз.
2023 жыл көптеген азаматтарға толағай табыстар мен жетістіктер алып келді. Өткен жыл еліміз үшін де жарқын бастамаларға толы болды.
Экономика орнықты өсуде. Бизнес орта белсенді дамып, индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып қала береді және Орталық Азия аймағындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша сөзсіз көшбасшы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда нәтижелі жұмыстар атқарылды.
2024 жыл — жаңа бастамалар мен оларды іске асыру кезеңі.
Жылдың қалай болары, не күтетініміз көп жағдайда өзімізге байланысты. Біз жақындарымызды қуантып қана қоймай, еліміздің қарыштап дамуына да үлес қосуға күшіміз жетеді.
Жаңа жылда өткен жылдың үздік дәстүрлері мен жетістіктерін, татулық пен бірлік, өз күшімізге және Қазақстанның болашағына деген сенімді алып жүру маңызды.
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілеймін.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?