Балабақшада балаға дөрекі мінез көрсеткен видео Telegram-да шықты. Онда оқиғаның «Чудо сад» жеке балабақшасында болғаны жазылған. Алматы қалалық білім басқармасы аталған балабақшада баламен дөрекі қарым-қатынас жасау фактісі бойынша ата-аналар Наурызбай ауданының полиция басқармасына жүгінгенін атап өтті. Полиция сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram