jasqazaq.kz

Әлем әлеуметтік диалогтың тәсілдерін іздеуде

03 сәуiр 2018, 16:15

Санкт-Петербургте «Әлемдегі және Ресейдегі әлеуметтік-еңбек даулары» атты төртінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елімізден іс-шараға Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев пен «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының» Бас директоры Ербол Исмаилов қатысты. Конференцияда 30 наурызда Халықаралық еңбек ұйымының басшылары, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, конфликтология саласындағы тәжірибелі мамандар бас қосты.

«Еңбек дауларының саны мен сапасы өндірістік демократияның және әлеуметтік әріптестіктің деңгейіне байланысты. Үшжақты әрі сапалы диалог дауды шешудің негізі. Бұған қоса, заңдылықты қамтамасыз ету орасан маңызға ие. Заңдылық өзара сенімнің кілті болып табылады» — деп Халықаралық еңбек ұйымы жұмысшылардың қызметі бойынша бюросының директоры Мария Хелена Андре сәлемдеме сөзінде атап өтті.

Әлеуметтік-еңбек дауларын зерттеуге арналған панельді отырыста ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары М. Тінікеев еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуы мен ұжымдық шартты қолданудың тәжірибесі туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, конференция барысында «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының» Бас директоры Ербол Исмаилов қызметкерлердің жұмысқа көзқарасы мен ұжымның әлеуметтік әл-ауқатын бағалауға, сондай-ақ жұмысшылар арасындағы наразылық деңгейін анықтауға бағытталған бірегей құралы — Әлеуметтік тұрақтылық индексі» зерттеуінің әдістемесін таныстырды. Мұндай зерттеулер «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді.

«Қандай да бір шиеленіс қарсаңындағы ахуал, әсіресе әлеуметтік-еңбек қатынастарында, оның алдын алу үшін араласуға ең ыңғайлы сәт. «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» зерттеуінің көздегені де осы» — деп ол өз баяндамасында атап өтті. Оның пікірінше, даудың салдарымен күрескенше, алдын алған оңай.

Шәміл Рүстембек

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр