Алданып қалмаңыз: қажылыққа апаратын 16 туроператормен келісімшарт жасалды

08 ақпан, 15:31

Сауд Арабиясының талабы бойынша «Қажылық-2024» маусымына 2023 жылдың соңына дейін қажылар тіркеліп, қаражаты уақытылы төленген елдерге тиесілі қажылық орындары бөлінді.

ҚМДБ биылғы қажылыққа қатысты мынадай түсінік берді: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ашық конкурстан өткен 17 қазақстандық туроператорға 2024 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға ресми рұқсат беріп, САК Қажылық және ұмра министрлігі талабына сай 2023 жылдың соңына дейін тиісті төлемдерді төлеуге мүмкіндік жасалды. Алайда Бас мүфти бастаған делегацияның қаңтар айында Саудияға жасаған сапары аясында қажылыққа жазылып үлгермеген кісілерді ескеріп, қажылық орындарын брондап, төлем жасау уақыты қаңтар айының соңына дейін ұзартылды. Нәтижесінде аталған 17 туроператор арасынан белгіленген мерзімге сай тиісті төлемдерді аударып, талаптарды орындаған 16 туроператормен ҚМДБ арасында келісімшарт жасалды. Ал Сауд тарапынан болған талаптарды мерзімінде орындай алмаған 1 туроператор қажылықпен айналысуға қабілетсіз деп табылды», – деді

«Қажылық-2024» маусымына 16 туроператор және осы туроператордың бірімен субагенттік келісімшарт құрған 19 турагент Сауд Арабиясы тарапынан болған талаптарды толығымен орындап, Қазақстаннан баратын қажылар үшін, қаңтар соңына дейін төленген қаражат көлеміне сай 5081 қажылық орны берілді.

«Сонымен қатар, биыл қажылық құлшылығына ниет еткен кісілер тек тізімде көрсетілген туроператорлар мен турагенттерден қажылық орындарын брондай алатынын жеткіземіз. Қажылық орнын брондамаған азаматтардың жағдайын ескеріп, туроператорлар мен турагенттер артық орындар алғаны белгілі. Осы орайда, қажылыққа ниет еткен азаматтарға 2023 жылы қажылыққа заңсыз барған кісілердің қателігін қайталамауды ескертеміз. Сонымен қатар қажылыққа жазылғанда заңсыз әрекеттерге бармауды және қажылық орындарын ресми алмаған, төмендегі тізімде жоқ туркомпаниялар қызметіне жүгінбеуді қаперге саламыз», – деді ҚМДБ өкілдері.

Сөйтіп биыл елімізден 5081 адам ресми түрде қажылыққа аттанады. Олар 5-10 маусым аралығында Сауд Арабиясына барып, 23-28 маусым аралығында елге оралады.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды