jasqazaq.kz

Алдағы уақытта жарық көретін қазақ кинолары белгілі болды

19 шiлде 2017, 12:53

Таяу уақытта көрерменге жол тартатын қазақ кинолары белгілі болды. Оны бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«Бүгінгі күні өндірісте 28 көркем және деректі фильм түсіріліп жатыр. Олардың қатарында «Елбасы жолы. Астана» эпопеясының жалғасы, «Тұмар патшайым», «Бейбарыс Сұлтан» сынды тарихи жобалар бар. Санаулы күндерден кейін біз «Әміре әні» фильмі мен «Қазақ елі» телесериялының жалғасын көрсететін боламыз», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Министр еліміздің мәдениеті мен тарихы, көрнекті қайраткерлері мен тарихи тұлғалары туралы баяндайтын кино сериялары мен тележобаларды құру бойынша «Мәңгілік ел» кешенді жоспары жүзеге асырылып жатқандығын еске салды. «Жоспар аясында Тәуелсіздік мерейтойына ғана 26 кинокартина таныстырылды. Оның ішінде 9 көркем, 9 деректі, 7 дебюттік және 1 анимациялық фильм бар. Барлық картиналар халықаралық нарыққа прокатқа шығаруға бағдарланған және қазірдің өзінде қазақстандық және шетелдік көрермендер арасында үлкен сұраныс пен танымалдыққа ие болды», — деді ол.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда