jasqazaq.kz

“Алаяқтық” бойынша айыпталған Ілияс Сариев бостандыққа шығуы мүмкін (Видео)

23 ақпан, 11:05

Алматылық блогер Ілияс Сариев “Аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық” жасады деп 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Алайда оның адвокаты Эльнура Кішкенебаева сот үкіміне қатысты мәлімдеме жасап, қорғалушысына байланысты бірқатар жайттарды түсіндірді.

Адвокаттың айтуынша, Ілияс Сариевке қатысты қозғалған 26 эпизодтың 20-сы бойынша жәбірленушілердің кешірілімі беріліп, ал 6 эпизод бойынша үкім шыққан. Енді қалған арыздар бойынша кешірілім берілсе, ол бостандыққа шығуы мүмкін.

«Ілияс Сарияевке кешірім берілді. Қазіргі таңда 6 жәбірленушінің бесеуі кешірім беретіндігі жөнінде құқықтық тұрғыда рәсімделген арыздарын берді. Бұл арыздардың көшірмелері менің құзырымда бар. Қазіргі таңда Сарияевке қатысты апелляциялық шағым жазылды. Енді бұл жерде 6 эпизод деп отырмыз,оның біреуі — несие алынған болатын. Ол несиені ай сайын төлеп отыр. Одан қашпайды. Сол себепті Сарияевке тағайындалған қылмыстық жаза азаматтық тәртіпте қаралуы тиіс деп есептейміз және осы ұстанымымызды аудандық сотта да білдірдік, әрі сол позициямызда қаламыз. Сондықтан беріліп жатқан апелляциялық шағымда нақты осы уәждер көрсетілді және жәбірленушілердің қосымша кешірім арыздары тіркелді. Сот әділ шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Мен қорғауымдағы азаматқа қатысты жәбірленушілердің материалдық шығынды өз еркімен өтеуге мүмкіндік беріледі деп сенемін. Сот әділ шешім қабылдайды деген үміттеміз. Соттан ақтау үкімін сұраймыз», – деді адвокат.

Еске салайық, бұған дейін 20 адам Меккеге жолдама аламыз деп, тағы 6 адам қайырымдылық арқылы баспаналы боламыз деп сеніп, қаржылай шығынға ұшырағандарын айтып, сотқа жүгінген. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен 35 млн теңгені құрайды.
“Роббин Гуд” лақап атымен танымал болған Ілияс Сариев сот отырыстарында өз кінәсін толық мойындамаған еді.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Видео — @advokat.elnura

Фото — @qazaq_robin_hood

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді