jasqazaq.kz

«Алашорда» фотоальбомының тұсаукесері өтті

18 мамыр 2017, 20:42

Бүгін Елордамыздағы  ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты үштомдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының тұсаукесері өтті.

Жинақтар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «Ел-Шежіре» қоғамдық қорымен шығарылған. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен  тарих ғылымдарының докторы, Стамбул қаласының Мимар Синан көркем университетінің профессоры Абдуахап Кара, журналист, «Алашорда» фотоальбомының құрастырушы Болат Мүрсәлім, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас қатысты.

Кездесуді «Алашорда» үштомдық басылымының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбай  жүргізді. «Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып табылады. Ол әрқашан бізді тәрбиелеп, қазақ халқының құндылықтарын сақтады. Біз кітаптарды басып шығаруына «Самұрық-Қазына» Қорына және жеке Шөкеев Өмірзақ Естайұлына қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз», — деді Т. Жұртбай.

Т.Жұртбайдың «Движение Алаш» атты үштомдық жинағы архивтегі құпия құжаттар мен сот материалдары негізінде құрастырылған, еңбекті көп керек ететін деректі шығарылым. Көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбайдың үштомдық басылым 1927-1932 және 1937-1938 жылдардағы «Алаш» партиясының және «Алашорда» үкіметінің қайраткерлері тергеу ісі мән-жайлар туралы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің мұрағатты материалдардан негізделген.

Б. Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомы сирек суреттер негізінде құрастырылған, Алаш арыстарының өмірі мен қызметі фотодеректер арқылы көрсетілген үлкен кызығушылық танытатын жұмыс. «Движение Алаш» бысылымы мен «Алашорда» фотоальбомы оқырмандар арасынан, әсіресе мәдени элита және қоғамдастықтың рухани тарапынан улкен сұранысқа ие болатыны күтілуде.

«Біз осы жобаның бөлігінде болғанымызға мақтан тұтамыз. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Алаш» қозғалысының мақсат-мүдделерін толығынан қолдайды. Сондықтан, бұл жинақтардың шығаруына қуаныштымыз және жарияланған материалдар барлық тарихшылар, зерттеушілер, студенттер үшін өз пайдасын беріп, қызықты болғанына үміттенеміз», — дейді Лима Диас — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі.

Кездесудің қатысушылары атап өткендей, «Движение Алаш» басылымы мен «Алашорда» фотоальбомы алдағы уақытта ХХ ғасыр қазақ тарихының сенімді ақпараты болып пайдаланылуы мүмкін.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда