Рухты әрі патриоттық мәндегі әндерімен танылған “Алашұлы” атышулы Q-поперлерге қарсы бейнебаян түсірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Cюжет желісі бойынша, өзгеше кейіптегі сиқыршы қазақ жастарын бұрын-соңды болмаған стильге еліктіріп әкетеді. Түрлі-түске боялған шаш, құлақтарына сырға таққан еркектер, беттеріне бес тонна бояу жаққан қазақ азаматтары… Бұл сипаттама сіздің есіңізге кімді түсіреді? Біздіңше, Ninety one тобы бастаған Q-pop стилінің насихаттаушыларын…
“Алашұлының” “Пай-пай-пай” атты клипі желіде дау туғызды. Себебі Ninety one-ның фанаттарына клип желісі ұнамай қалған. Олар, тіпті, “Алашұлы” 91-дің арқасында танылғысы келеді” деп шуласып жатыр.
Ал өз кезегінде 91-дің стилін ұнатпайтындар “Алашұлын” қолдауда. Тіпті, анша-мұншаны жарнамалай бермейтін Мейрамбек Бесбаевтың өзі жаңа клипті көруге кеңес берді.