jasqazaq.kz

Алакөлдегі той кортежінің қатысушылары жазаланды — полиция

15 тамыз 2017, 17:24

Алакөлде жағалауда жүрген той кортежінің қатысушылары ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 тамызда Үржар аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметіндегілер 13 тамызда шамамен сағат 19.00-де демалыс аумағының маңында жол қозғалысы ережелерін бұзған барлық автокөлік құралының жүргізушілерін анықтады», — деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері. 7 көліктің жүргізушісіне қатысты түрлі баптар бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылғаны айтылады. Айыппұлдың жалпы сомасы — 158 830 теңге. Еске сала кетейік, осыған дейін Алакөлде жағалауда жүрген той кортежінің видеосы пайда болған еді. «Қазіргі уақытта автокөлік иелері іздестіріліп жатыр. Барлық материал жергілікті полицияға жолданды. Құқық бұзушылар әкімшілік жазаға тартылады»., — деп хабарлаған еді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда