jasqazaq.kz

Ақтөбелік кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

06 қыркүйек 2024, 10:29

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заң бұзушылыққа жол бергенін анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.
Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

JQ-Aqparat

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды