jasqazaq.kz

Ақтөбелік азамат құлдықтан қалай құтылғанын айтты

18 сәуiр 2018, 11:28

20 күн бойы далаға қонып, шөппен көректенген ақтөбелік азамат құлдықтан қалай қашып құтылғанын айтты. 

Nur.kz хабарлағандай, 48 жастағы Есенбол Дүйсеновтің қазір екі аяғы мен қолының саусақтарын кесіп тастауы мүмкін.  «Ақпан айында Ақтөбенің Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалығына 30 мың айлыққа малшының көмекшісі болып жұмысқа орналасуға келістім. Қожалықтың басшысы мені жұмыс орнына алып келді. Ол Белкөлден сегіз километр қашықтықта орналасқан. Жұмыс жасап жүргеніме екі апта өткенде ауыстыратын киім беруін өтіндім. Өйткені, келген киіміммен жүр едім. Олар маған жыртық пима берді. Сондықтан үнемі аяғым тоңып жүретін. Ал туыстарым менің қайда екенімді де білмейтін», — деді құлдықтан қашқан азамат.
Есенбол Дүйсеновтің айтуынша, ол бір рет қашуға оқталған. Бірақ ол ісі сәтсіз аяқталып, оны ұстап алған.
«Қожалықтың басшысы менің басымнан таяқпен ұрып, «Малға кім қарайды?» деп айқайлады. Бірақ мен малшы емес, оның көмекшісі ғанамын ғой. Кінәм болмаса да таяқ жеп, малды қайта қарауға аттандым. Тіпті шаруашылықтың басшысына жалындым. Ақша алмай кетуге де дайын екенімді айттым. Бірақ, маған рұқсат берілмеді.
23 наурыз күні таңғы 6-да бар батылдығымды жинап, Ақтөбеге тартып кеттім. Алайда жолда адасып қалдым. Үш аптадай айдалада қар мен шөп деп өмір сүрдім. Қамыстың арасында түнедім. Бір күні көліктің дауысын естіп, қолымды барынша сермедім. Сөйтсем, олар геологтар екен. Олар мені құтқарып алды. Ал қамыс арасындағы менің кішкене күркеме қар суына толған еді. Геологтар төтенше жағдайлар орталығына хабарласты. Жедел жәрдем шақырды. Бұл уақытта мені ағам мен қызым әбден іздеген», — дейді Есенбол Дүйсенов.
Қазір Әйтеке аудандық ішкі істер бөліміне Есенбол Дүйсеновтің туыстары арыз жазған. «Адам сату» және «Қауіпті жағдайда қалдыру» баптары бойынша іс қозғалған.
Алайда, Дүйсеновтің ағасы істі оңай жауып тастайды деп уайымдайды.
«Шаруа қожалығының басшысы маған ағама көмектесе алатынын айтты. Бірақ ол өзін кінәлі санамайды. Менің ағамды қаладан алып кетті. Алайда ол жоғалып кеткенде ешкім іздемеген. Тіпті, науқас екенін біле тұра, адам жоғалғаны жайлы керекті орындарға хабарламаған» деп арыз жаздым», — дейді Дүйсеновтің ағасы.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр