jasqazaq.kz

Ақтөбедегі оқиғадан кейін барлық автобустар тексеріледі

22 қантар 2018, 15:20

18 қаңтар күні болған Ақтөбе облысындағы апатқа байланысты ҚР ИДМ Көлік комитетінің инспекция қызметкерлері мен ҚР ІІМ қызметкерлері бірлесіп бүкіл Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында өтетін жедел-профилактикалық шара аясында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер тексерілетін болады. Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің техникалық ақауы болса әрі қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым салатын шаралар қабылданады», — деп атап өтілген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында. Бұдан бөлек, жасырын маршруттарды анықтау үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құру туралы шешім қабылданды. «Рейс алдында автомобильдің міндетті техникалық және жүргізушінің медициналық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауларына баса назар аударылады. Республикамыздың автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен багаж тасымалдау мәселелері бойынша «Рубеж» қарау-бақылау бекеттерінде бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданады», — делінген министрлік мәліметінде.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды