jasqazaq.kz

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

05 маусым 2024, 17:16

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары да тазартылып жатыр. Бүгін 100-ден астам адам «Таза су айдыны» шарасына қатысып, шомылу орындарының маңындағы күл-қоқыстарды жинап, арнайы полигонға жіберді.

Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, «Ақтөбе балықшылары» еріктілер қозғалысының, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанатының «AMANAT» партиясының облыстық филиалының мүшелері қатысты. Мұндай жұмыс жаз бойы жалғасады.

Экологиялық акция Ақтөбе су қоймасының аумағында да өтті. Мұнда бірнеше шомылу орны болғандықтан, келушілер көп. Шашылып жатқан қоқыс та аз емес. Әрі биылғы су тасқынынан кейін тал-теректің арасы қалдыққа толған. Жастар мен еріктілер барлығын теріп, тазалады.

«Бұған дейін біздер «Жасыл елдің» сарбаздары арқылы «Таза жағалау» акциясы аясында Қарғалы өзенінің жағалауын жинаған болатынбыз, Елек өзенінің жағалауын жинап осы кезге дейін 100-ден астам тонна күл-қоқысты шығарып қалалық полигонға жіберген болатынбыз. Пляжный сезон басталғалы тұр өздеріңіз білесіздер. Сол себепті біз жаз бойы жинайтын боламыз», — деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

ЖЖағалауданбасқа, су асты да тазартылды. Бұл үшін балық шаруашылығы инспекциясы мен балық аулау спорты федерациясының өкілдері бірлесіп, суда қалған аулар мен қоқысты жағаға шығарды.

Бүгін 40 тонна көлемінде күл-қоқыс шығарылды. Ал, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасын табады.
JQ-Aqparat 

Суреттер: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі 

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?