Ақтөбеде такси аударылып, 4 адам көз жұмды (Видео)

06 маусым, 11:40

Ақтөбе-Орск тасжолында жеңіл көлік аударылды. Төрт жолаушы көз жұмды. Дәл осы такси қызметінің жүргізушісін бірнеше сағат бұрын полиция тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерту берген дейді, Ақтобе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға 5 маусым күні сағат сағат 15:00 шамасында болды. Ақтөбе-Орск арасында жолаушылар тасымалдайтын Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Қарғалы ауданы Ащылысай ауылы маңында аударылып қалды. Салдарынан төрт адам мерт болып, бір адам ауруханаға түсті.

— Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушылар тасымалдайды. Ол бұл қызметті ресми атқарады. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Бірақ жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеген. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Сонымен бірге 5 маусым күні Самара — Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы Қияқты ауылы маңында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Қазір төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер Ырғыз және Әйтеке би аудандарының ауруханаларына жеткізілген. Олар бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынған. Жағдайлары ауыр, аса ауыр.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде