jasqazaq.kz

Ақтөбеде есірткі сатушылардан 77 кг марихуана тәркіленді (Видео)

19 ақпан 2024, 10:06

Ақтөбе облысында есірткі арнасының жолы кесілді. Polisia.kz хабарлағандай, облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасына тосқауыл қойды.
– Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 кг марихуана екені анықталды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Ары қарай жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы бір күдікті ұсталды. Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 кг болатын марихуана болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған. Жалпы салмағы 77 кг-нан асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейіннен сату мақсатында сақтаған.
– Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша шаралар жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған осы қылмыс үшін ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деді Әмірханов.

 

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?