jasqazaq.kz

Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі ұрлап, полиция шақырған

20 желтоқсан 2017, 14:57

Ақтөбеде дүкен сатушысы полицияға жалған хабарлама беріп, кассадағы ақшаны қалтасынан салып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылдық округінде орналасқан дүкен сатушысы полицияға телефон шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат береді. Дүкен сатушысы бетперде киген екі адам келіп, кассадағы ақшаны алып кеткенін мәлімдеген. «Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Дүкеншіден жауап алу кезінде оның қателескені белгілі болып, қарақшылық шабуылдың қолдан ұйымдастырылғаны анықталды. Өз жауабында, түсініктемесінде дүкенші қателесіп, кейін бейнекамераны сөндіріп тастағанын, кассадағы ақшаны өзі алғанын мойындады. Кейін күдіктіден заттай айғақ ретінде ақшаның бір бөлігі табылды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпарат таратып, ақша ұрламақ болған дүкенші қамауда отыр.

 

21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда