jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғындары қаланың қақ ортасындағы тал-теректі отаған кәсіпкерді жазалауды талап етті

12 маусым 2024, 11:07

Ақтөбе тұрғындары қаланың қақ ортасындағы тал-теректі отаған кәсіпкерді жазалауды талап етіп отыр. Құрылыс бастамақ болған компания ешкімге ескертпестен, бір түнде ағаштарды қопарып тастаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айгүл Шүренбаева, Ақтөбе тұрғыны: — Таңертең келсек, дым да жоқ. Мына жердің бәрін қопарып алып тастаған. Бұл бау-бақшаның ортасы. Қала көркі. Мынау деген бірдеңе саламыз деп жатыр. Ешкім білмейді. Ешкім бізден сұраған жоқ. Рұқсат алған жоқ. Соған көтеріліп жатырмыз.

Қаланың орталық қос даңғылы түйіскен жерде шағын гүлзар болатын. Оның астан-кестеңін шығарған. Жасыл желегі аз шаһардың тұрғындары ашынып отыр. Демалуға арналған аядай жер қалмай барады дейді олар. Ең болмағанда, қопарылған жерге не салынатынан да хабарсыз.

Ал шенеуніктер кәсіпкердің осы жерді он жыл бұрын сатып алғанын айтады. Бірақ құрылыс жүргізу үшін сол маңдағы тұрғындармен санасып, рұқсатын алу керек екен. Онымен қоса тал-теректі отағаны үшін де жазасын алады деп сендіреді. Бірақ қопарылған ағаш үшін айыппұлмен құтылатынын бәрі біледі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?