jasqazaq.kz

Ақтөбе полициясы: Мұндай ақпаратты таратқандар анықталып, жауапқа тартылады (Видео)

25 қантар 2024, 14:32

Ақтөбе жұрты үрей құшағында. «Конец Актобе» Телеграм-каналында біреу қала мектептерінде жұма күні террорлық акт жасайтыны туралы хабарлама таратты. Қазір онда тапаншаның фотосы мен видеосы, не істеп, не қоятыны ашық жазылып жатыр. 

Соған орай қазір мектептердегі қауіпсіздік шарасы күшейтілді.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысы Әсет Қалиев: «Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы дерек бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, — деді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?