Ақтауда егде жастағы әйел көп қабатты үйдің 4-қабатындағы терезеден құлап кетті.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
Куәгерлердің сөзінше, әжей қаладағы 4-шағын аудандағы 56-үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орын алған жерді полицейлер қоршауға алды.
«Хабарланғандай, жедел жәрдем станциясында сағат 16:11-де қоңырау түскен. Егде жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған», – деп жазады басылым.