Ақтауда 16 жастағы жасөспірімнің өлімі жөніндегі сот процесі болды. Жасөспірімді өлтірді деп айыпталған оның өгей анасы кінәсін толықтай мойындаған деп хабарлайды Тумба басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ақтауда 16 жастағы жасөспірімінің өлімі жөніндегі іс басталды. Өгей ұлын өлтірді деген айыппен ұсталған әйел адам жасаған қылмысын мойындады.
Істі Маңғыстау облыстық соты ашық режимде қарап жатыр. Сот тергеу барысында Бейнеу ауылының тұрғынының кінәсі дәлелденді.
4 қаңтар күні жас жігіттің қансыраған денесі табылған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қайтыс болған жасөспірімнің өгей анасы ұсталған.