Ақтау қаласының тұрғыны ауыз судан құрт тауып алды. Бұл туралы “Лада” сайтына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.
Қорқып қалған әйел Ақтау қаласының тұрғындарын краннан ағатын суды ішпеуге шақырды.
Роза Диденконың айтуыншы, қызы жұмыртқа пісіріп беруін сұраған.
Ол жұмыртқаны қайнатып, суыту үшін салқын суға салмақшы болған. Сөйтсе кранның суынан құрт шықты.
Видео: Роза Диденко
“Салқын су құйған ыдысқа қарасам, онда бірдеңе жүзіп жүр. Алғашында ол жіп шығар деп ойладым. Оны ыдыстан алып тастамақшы болып едім, ол қозғалып, жүзе бастады. Кейін қарасам, қызыл басты құрт екен. Масқара, су ағатын құбырларға не болған?!”, – дейді Роза Диденко.
Ол бұл мәселеге кім жауапты екенін анықтаймын деп уәде берді. Сонымен қоса, тұрғындарды сақ болуға шақырды.