jasqazaq.kz

Ақсуда бала жоғалды деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

18 желтоқсан 2017, 11:20

Павлодарлық полицейлер бала жоғалды деп жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел іздеу іс-шарасының нәтижесінде әлеуметтік желілерде Ақсу қаласында кәмелеттік жасқа толмаған баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат таратқан 38 жастағы күдікті әйел ұсталды», — деді ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзумова. Оның сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жалған ақпаратты «WhatsApp» месенджері арқылы Екібастұз қаласында тұратын апайына жіберген. Ұсталған әйел Ақсу қаласының Қалқаман кентінде тұрады. Бұған дейін сотталмаған. Кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, баланың жоғалғандығы туралы жалған ақпарат 15 желтоқсанда тараған.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды